18.03.2023 08:24 ҚТЖ басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономия ауданы коммунистік партия хатшысымен кездесті ҮРІМШІ. ҚазАқпарат - Үрімшіде «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.03.2023 00:21 Қазақстан мен Әзербайжан СІМ Бакуде кездесті БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен оның әзербайжандық әріптесі Халаф Халафов 16 наурызда Бакуде екіжақты саяси консультациялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
17.03.2023 18:36 Қазақстанда депутаттық корпус жасарып келеді – ШЫҰ АСТАНА. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов еліміздегі сайлау барысын бақылаудағы аталған ұйымның миссиясы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 11:45 Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда биыл ақпанның басында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 49 мыңнан асып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи апат шығыны 80 млрд долларды құраған. Түркі мемлекеттері аумағындағы табиғи апаттардың жиілеп кетуіне байланысты биылғы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс отырысы да осы тақырыпқа арналып отыр.
16.03.2023 17:47 Ресеймен шекараны демаркациялау қашан аяқталады – СІМ жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко ресеймен арадағы шекараны демаркациялау процесі қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 14:30 Астанада төрелік тыңдау бойынша студенттік байқау жеңімпаздары марапатталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада төрелік тыңдау бойынша IAC Central Asia Vis Pre-Moot 2023 студенттік байқауының финалистері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 23:59 Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен келді.
15.03.2023 12:49 Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды СУАНЕ (Претория). ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапосаға сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
14.03.2023 21:03 Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық уағдаластықтарды құптайды - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 10 наурызда Бейжің қаласындағы Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
14.03.2023 15:52 Владимир Путин Қазақстанға келеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.03.2023 10:10 Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің сапары: Екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңі ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Қазақстан үшін маңызды саяси оқиға - еліміздің мемлекеттік институттарын қайта жаңғыртудың қорытынды кезеңі саналатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қарсаңында - 17-18 наурызда Астанаға Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли келеді. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі мәртебелі мейманның сапарынан не күтуге болатынын және Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықтың қандай деңгейде екенін бағдарлап көрді.
13.03.2023 17:18 Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездеседі АСТАНА. ҚазАқпарат – 16 наурызда Түркия астынасында Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 17:02 Қазақстанға Еуропадан да, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түскен жоқ - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифигіде Қазақстанға Еуропа елдерінен де, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түспегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 16:45 Елордада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы аптада Астанада Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның құрметіне сквер ашылады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифигіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 16:34 Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.03.2023 09:21 Қазақстан мен Еуроодақ құқықтық салада бірлесіп әрекет ету туралы хаттамаға қол қойды АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 9-10 наурызда Брюссельде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің және адам құқықтары жөніндегі диалогтың отырыстары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
10.03.2023 23:34 Қазақстанның Араб елдері жөніндегі зерттеушілері БАӘ-ге шақырылды АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат –Парсы шығанағындағы Араб елдері жөнінде зерттеу жүргізетін қазақстандық зерттеушілерді Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің 6-9 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.03.2023 19:27 ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстанға келді БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қырғызстан Республикасының жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесу үшін Бішкек қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 14:17 БҰҰ қағидаттарын қолдаймыз - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан БҰҰ қағдиаттарын қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 13:30 Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне тағы да кандидатурасын ұсынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне тағы да кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.