28.12.2022 17:57 Қазақстан РФ елшісі Бородавкиннің даулы сұхбатына қатысты түсініктеме алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Алексей Бородавкиннің даулы сұхбатына қатысты Ресей тарапынан түсініктеме алды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 16:38 Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
27.12.2022 21:38 Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары ынтымақтастықты арттыру жоспарын талқылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары «Өзбекстан және Қазақстан: достық, серіктестік және одақтастық» атты онлайн халықаралық конференцияда ынтымақтастықты арттыру жоспарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.12.2022 18:43 Владимир Путин Қазақстан Президентін қарсы алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді.
26.12.2022 17:27 Қазақстан теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады – Мұхтар Тілеуберді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK хабар тарату корпорациясына сұхбат берді және Ресей, Қытай, Жапония, Түркия мен Еуропаға қатысты сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айтты. Ол Қазақстанның көпқырлы және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.12.2022 16:26 Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.12.2022 22:35 Қазақстанның Сыртқы істер министрі Жапонияда сапармен жүр ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Жапония» диалогының Сыртқы істер министрлерінің 9-шы кеңесіне қатысу үшін Токиоға сапармен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
23.12.2022 21:47 Қазақстан Ресеймен шекараны демаркация бойынша 124 отырыс өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
23.12.2022 17:34 ҚР Қорғаныс министрі Иран елшісімен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самазаде Сабермен хаттамалық кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.
23.12.2022 00:01 ҚР Президентінің Өзбекстанға жасаған екі күндік мемлекеттік сапары сәтті өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің Өзбекстанға жасаған екі күндік мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
22.12.2022 16:19 Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейден 21 шетелдік компания Қазақстанға көшті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 16:10 Ресейден Қазақстанға көшкен компанияларға айрықша жағдай жасалмайды - СІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Өндіріс ошағын Ресейден Қазақстанға көшірген компанияларға айрықша жағдай жасалмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 13:06 Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының газ одағын құру ұсынысына пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Ресей тарапының газ одағын құру ұсынысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.12.2022 20:36 Мемлекет басшысы Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының аллеясына ағаш екті АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті, деп хабарлайды Ақорда.
21.12.2022 16:11 ҚР Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары: 8 млрд доллар сомасындағы келісімдерге қол қойылмақ ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда-саттық 4,1 млрд АҚШ долларын құрап, 35 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін өзбек-қазақ өңіраралық бизнес-форумы кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
21.12.2022 12:50 Креативті индустрияны дамытуда Орталық Азияның әлеуеті зор – Алтай Көлгінов АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық Азияның креативті индустрияны дамытуда үлкен әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.12.2022 12:30 Су ресурстарын тиімді басқару Орталық Азиядан тыс жерлермен де өзара іс-қимылды талап етеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Су ресурстарын тиімді басқару Орталық Азиядан тыс жерлермен де өзара іс-қимылды талап етеді. Бұл туралы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.12.2022 12:28 Сыртқы істер министрінің орынбасары «газ одағын» құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров «газ одағын» құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 19:50 Словакияда Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығы ашылды БАНСКА-БЫСТРИЦА. ҚазАқпарат – Банска-Быстрица қаласында Қазақстан Республикасының Словакиядағы алғашқы Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
19.12.2022 19:12 Келесі жылы Беларусьте ҰҚШҰ-ның бірлескен жаттығулары өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бітімгершілік күштердің қазіргі контингенті кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алады. Бұл пікірді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.