Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.14 EUR 429.42
RUB 5.68 CNY 55.56
Jańalyqtar

Қазақстанның халықаралық қоры 88,6 млрд долларға дейін өсті

2019 жылғы 14 қаңтар 16:08 356
Бөлісіңіз:
Қазақстанның халықаралық қоры 88,6 млрд долларға дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның халықаралық қорының көлемі 2018 жылдың желтоқсан айында 88,628 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш қараша айымен салыстырғанда 0,97 пайызға өсіп, ал 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,79 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Степногорда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты 2 миллионға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады

ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі желтоқсан айында 2,53 пайыз өсіп (өткен жылдың басынан бері 0,28 пайыз азайған), 30,909 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,56 пайызға өсіп (-0,21 пайыз), 30,42 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,16 пайызға (-1,05 пайыз) өсіп, 57,717 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 16,518 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 0,45 пайызға (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 10,71 пайыз азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 6,17 пайызға (+15,15 пайыз) өсіп, 14,391 млрд долларды құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT