Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына - 95 жыл

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның халық әртісі, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Бикен Римованың туғанына - 95 жыл.

Бір топ өнер қайраткерлері әйгілі әртістің атымен аталатын Алматы облыстық драма театрында баспасөз мәслихатын өткізіп, өнер майталманын еске алды. Кеште талантты актриса туралы фильм көрсетіліп, соңынан "Қос мұңлық" драмасы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null 

Журналистерді жинап, баспасөз мәслихатын өткізгендер  Бикен Римованың көзін көргендер. Әр бірі сахна саңлағымен кездескен сәтін тарихи оқиғаға балайды. Өнерін айтпағанда адами қасиеттерінің биіктігіне куә болған олар өнер майталманын ешқашан ұмытуға болмайды, - дейді. Сондықтан 95 жылдығына арнап бірнеше мәдени шараларды өткізуді ұсынды.

Мәселен, Талдықорғанда осы мерейтойға арналып қыздар арасында көркемсөз оқудан байқау өткізу жоспарланып отыр. Сахна саңлағының құрметіне өзгеде бірнеше мәнді мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.  Наурызда тойланатын театр күні де Бикен Римоваға арналмақ.

«Бекен Римованың кім екендігін, өмірде қандай адам болғандығын, халықты қалай сүйгендігін, өзін қалай ұстағанын, жүріс-тұрысы, мінезі, елге жасаған жақсылығы, қаламгерлік, актерлік шеберлігінің өзіндік айдыны, оның өзіндік ішкі лабораториясын  көзі көрген адамдар қазір айтып қалу керек. Міне сондықтан да ең алдымен кездесулерді оқырмандармен жиі-жиі өткізу керек», - дейді ақын Әміре Әрін. 

Ақын Әміре Әріннің бұл ойын әртістер қуана құптап отыр. Енді осы бастама бойынша кездесулер өткізіп, аты  аңызға айналған тұлға жайында көбірек әңгіме айтылмақ. Ал кино және театр әртісі Сағындық Жұмаділ болса облыстық драма театрдың Бикен Римованың атымен аталауы ең зор бақытымыз, - дейді. Сахна саңлағының өнер ордасындағы әріптестеріне деген пейілі де ерекше еді деп еске алды.

«Осы Шахмет ағамыздың «Алдар көсе» спектакілін кояйық деп едік.Сізден рұқсат алсақ деген ниетпен келіп отырмын, деп едім апам сондай риза болды. Айналайын, әрине қойыңдар. Оған мен неге қарсы болуым керек?! Мен сыртта жүрсем де осы Талдықорған театырына өзім тілеулес болып жүремін. Сендердің барлық шығармашылықтарыңды қадағалап жүремін, деп  өзінің бір аналіқ жақсы сөздерін айтып өтті»,дейді театр және кино актері Сағындық Жұмаділ.

Бикен Римова өмірінің 60 жылын театр өнеріне арнады. Сахнада 80-ге жуық кейіпкерді асқан шеберлікпен сомдап шықты. 20 дан астам фильмге түсіп, қазақ киноиндустриясының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол мықты драматург ретінде де мойындалған тұлға. Қаламынан туындаған "Абай-Әйгерім" және "Қос мұңлық" пьесасы көрермендердің сүйікті туындыларының бірі.  Соңғысы облыстық театрда 9 жылдан бері қойылып келеді.
null 

Соңғы жаңалықтар