Қазақстанның Грекиядағы елшісі елдегі президент сайлауы жайлы айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекияның ғылыми, дипломатиялық және саяси топтары, сонымен қатар БАҚ алдында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары, заманауи халықаралық қатынастағы өзекті мәселелер, сонымен бірге 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дайындық туралы баяндама жасады. Бұл туралы Грекиядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан елшісі өз баяндамасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа формациядағы саясаткерлер мен басшыларға жол беру мақсатында отставкаға кету жөнінде шешім қабылдағаны жайлы хабардар етті. Осыған орай, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін айтты. Бұл кезекте, Алексей Волков «қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау демократиялық қағидаларға сәйкес ашық және әділетті өтетіндігіне мызғымас кепілдік бергенін» айрықша атап өтті.

Халықаралық бақылаушыларға келгенде, елші ЕҚЫҰ мен шетелдік БАҚ-тың 350 өкілін қосқанда, түрлі халықаралық және аймақтық ұйымдардан 700-ге жуық бақылаушы шақырылғанын жеткізді. Осы орайда Алексей Волков президенттік додаға жалпы 7 кандидат қатысып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы бағытының мызғымастығына тоқталған отандық дипломат:

«Еліміз демократиялық даму, мемлекет пен азаматтық қоғамды құруда маңызды белестен өту кезеңінде. Соған қарамастан, бұл үнқатысу, бейбітшілік пен қауіпсіздікке жол табу секілді қазақстандық дипломатияның негізгі қағидаларына еш әсер етпейді», - деді.
null

Соңғы жаңалықтар