Қазақстанның Грекия мен Жапониядағы Елшілері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар