Қазақстанның грек-рим күресінен жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның грек-рим күресінен жастар құрамасы Бразилияға келіп жетті. Мұнда команда жарыс алдындағы жиынын өткізіп, жаңа жағдайға бейімделеді, деп хабарлайды Kazakhstan Wrestling Online.

11-16 тамыз аралығында Сальвадор-де-Байя қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Бағдарлама бойынша кілемге бірінші болып грек-рим стиліндегі палуандар шығады.

Жас палуандар 11 тамызда 50, 60, 74 және 96 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар үшін бақ таластырады. 12 тамыз күні 55, 66, 84 және 120 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күш сынасады.

Қазақстанның грек-рим күресі бойынша құрамасының құрамы: 50 келі: Аманғали Бекболатов 55 келі: Ернар Фидахметов 60 келі: Дамир Зарлыхананов 66 келі: Қаһарман Қысметов 74 келі: Темірлан Шадуқаев 84 келі: Хусеин Муцольгов 96 келі: Саркис Пшеничников 120 келі: Талғат Жиентаев.

Соңғы жаңалықтар