Қазақстанның футзалдан құрама командасы УЕФА рейтингісінде үшінші орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның футзалдан құрама командасы УЕФА рейтингісінде үшінші орынға көтерілді, деп жазды Қазақстан футбол федерациясы Facebook-тегі парақшасында.

Биыл футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасымен бір ойын өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін Беларусь құрамасымен қарымта ойын өтеді. «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч елорда уақытымен 22:30-да басталады.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

1. Испания 🇪🇸 – 2247,620 ұпай.

2. Ресей 🇷🇺 – 2130,453.

3. Қазақстан 🇰🇿 – 2112,206.

4. Португалия 🇵🇹 – 2080,694.

5. Әзірбайжан 🇦🇿 – 2030,624.

6. Хорватия 🇭🇷 – 2003,347.

7. Италия 🇮🇹 – 1990,683.

8. Чехия 🇨🇿 – 1924, 724.

9. Сербия 🇷🇸 – 1876,073.

10. Украина 🇺🇦 – 1861,752.


Соңғы жаңалықтар