Қазақстанның футзал құрамасы Хорватияны жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан және Хорватия футзал құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебінде жеңіске жетті. Команданың алғашқы голын Шыңғыс Есенаманов соқса, жеңіс голының авторы Біржан Оразов болды.

Ертең Алматыдағы «Бағанашыл» спорт кешенінде осы екі команда тағы бір рет ойнайды. Осы жолдастық кездесулер Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындық аясында өткізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, біздің жігіттер 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Ресейге, үшінші орын үшін өткен ойында Испанияға есе жіберіп, төртінші орынды қанағат тұтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар