Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасы румыниялықтарды ойсырата жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы кезекті байқау матчын өткізді. Бұл жолы қазақстандық жасөспірімдер румыниялық «Академия» (Бухарест) клубына қарсы ойнады, деп хабарланған Қазақстан футбол федерациясының сайтында.

Александр Кузнецовтың тәлімгерлері матч бойына алаңда басымдық танытты. Ойын басында, яғни 7 минутта есепті румыниялықтар пенальти кезінде ашты. Қазақстандықтар болса, бірінші таймның 43-ші минутында есе қайтарды. Максим Ваганов бағыттаған доп қарсыластардың қақпасынан табылды. Максим ойынның бірінші жартысына қосымша берілген уақытта тағы да мергендігімен танылды.

Екінші таймда қазақстандықтар тағы екі допты румыниялықтардың қақпасына сүңгітіп үлгерді. Алдымен ойынның 72 минутында Ресейдің «Тосно» командасының форварды Данил Черный қақпаны дәл көздесе, 83 минутта Арыстан Мұқашев қарсыластардың қақпасынан саңылау тапты.

Осылайша, қазақстандықтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Осыған дейін олар даниялық «Кёге» клубын тізе бүктірген болатын.

Қазақстан U19 - «Академия» (Бухарест, Румыния) - 4:1 (2:1);

Соңғы жаңалықтар