Қазақстанның фармацевтикалық нарығы шетел инвесторлары үшін тартымды болуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде мемлекеттік Тиісті өндірістік практика (GMP) және Тиісті дистрибьюторлық практика (CDP) стандарттарына сәйкестік сертификаттарын салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.

«Еліміздің фармацевтикалық саласының стратегиялық мақсаттарының бірі - дайын өнім сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету жүйесіне көшу. Бұған халықаралық тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу жолымен жетуге болады»,- делінген министрлік мәліметінде.

Өндірушілер мен дистрибьюторлардың осы стандарттарды сақтауы халықты сапалы, қауіпсіз, тиімді дәрілік затттармен қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Атап айтқанда, GMP стандартын өз кәсіпорындарына енгізген қазақстандық өндірушілер саны жыл сайын өсіп келеді. Бүгін GMP стандартына сәйкестік туралы қорытындысы бар қолданыстағы 3 өндірістік учаскелердің қатарына тағы да 4 қазақстандық өндіруші қосылды. Қазіргі уақытта GMP талаптарына сәйкестікке инспекциялануға тағы 7 отандық кәсіпорын дайындық үстінде.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының көтерме сауда қоймалары да, сондай-ақ дәріханалар да белсенді түрде жаңғыртылуда. Көтерме сауда буынының 15 нысаны GDP стандартына; 15 бөлшек саудада өткізу нысаны GPP стандартының талаптарына сай келеді.

Бірыңғай дистрибьютор мен GMP стандарттарын енгізген және енгізуді жоспарлайтын отандық өндірушілер арасында Ұзақ мерзімді шарттар бекіту дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара отандық өнеркәсіпті дамытуды оңтайландыруға, GMP ережелерін енгізуді ынталандыра отырып, шығарылатын медициналық өнім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары шетелдік инвесторлар үшін фармацевтикалық нарықты тартымды етеді. Қазірде 5 ірі қазақстандық фармкәсіпорынға шетелдік компаниялар инвестиция салды.

Соңғы жаңалықтар