Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімдегі тәжірибесі өзге мемлекеттерге үлгі болуы шарт - ТР Әділет және даму партиясының бас хатшысы

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, 21 ақпанда ҚР Елшісі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Әділет және даму партиясының бас хатшысы, Қазақстан-Түрік Парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипекпен кездесті.

Жүздесуу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамалары кеңінен талқыланды.

Елші ТР Әділет және даму партиясының бас хатшысын Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалармен және ҚР Президентінің "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауымен жан-жақты хабардар етті.

Түрік саясаткері Жолдауды жоғары бағалады. «Бұл құжатта Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтары, мемлекетті, қауіпсіздікті одан әрі нығайту және бауырлас Республика азаматтарының әл-ауқатын көтеру жөніндегі шаралар кешені нақты белгіленген »,- деп атап көрсетті Халюк Ипек.

Сонымен бірге ол қазақ-түрік парламентаралық және партияаралық байланыстардың одан әрі дамуы мен тереңдеуінің қажеттілігі туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылдың мамыр-маусым айларында жоспарланған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің Түркияға сапары да парламентаралық ынтымақтастыққа өз септігін тигізеді.

«Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімдегі тәжірибесі, әсіресе көпұлтты мемлекеттер үшін үлгі болуы қажет», - деп ерекше тоқталып өтті түрік саясаткері.

Соңғы жаңалықтар