Қазақстанның ет экспорты неге орындалмай жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылда Қазақстанның 10 мың тонна етін экспортқа шығару жоспары бар. Алайда аталған жоспардың жартысы да орындалмаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашалығы департаментінің директоры Азамат Сағынбаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін 3,4 мың тонна сыртқа сатылды. «Енді, оның өзіндік себептері де бар. Біріншіден, біздің негізгі тұтынушымыз - Ресей Федерациясы. Ол жақта рубльдің бағамы өзгерді. Содан кейін біздің сиыр етіміз қымбат болып кетті, қайта өздерінікі арзанға түсе бастады. Екіншіден, Атырау облысында нодулярлық дерматит анықталған болатын. Ол да кері әсер етті», - дейді Сағынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, нодулярлық дерматитке байланысты Қытай жақ әлі жабық. Ветеринарлық бақылау комитеті тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жақын арада осы бағыттағы экспорт ашылады деген үміт бар.

Айта кетейік, бүгін министрлік төрт түліктің санына қатысты мәліметтерді жариялады. Қазақстанда мал басы айтарлықтай өскен. 

 

Соңғы жаңалықтар