Қазақстанның ЕО елдерімен өзара сауда-саттығы 70%-ға өсті
Биылғы қаңтар-ақпанда ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 14%-ға өсіп, $767,5 млн құрады.
ЕО елдеріне экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің артуына негізделген: шикі мұнай - 81,2%-ға ($4,6 млрд), ферроқорытпалар - 2,5 есе немесе ($96,3 млн дейін), өңделмеген алюминий - 2,5 есе ($58,0 млн дейін), бидай - 13,2 есе ($ 31,7 млн дейін), мұнай өнімдері - 40,4% ($94,6 млн дейін), табиғи газ - өсім 4,3 есе ($35,5 млн дейін).
ЕО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар; вакциналар, қан сарысулары, қан; турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер; есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура; телефон аппараттары; өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар болып табылады.
Елдер бөлінісіндгі өзара сауда көрсеткіштері (млн. АҚШ долл.)
№ | Елдер | Т А | Экспорт | Импорт | Үлес | ||
ТА | Экспорт | Импорт | |||||
| Жалпы қорытынды | 5 983,1 | 5 215,6 | 767,5 | 100,0% | 100,0% | 100,0% |
1 | Италия | 2 223,8 | 2 088,2 | 135,7 | 37,2% | 40,0% | 17,7% |
2 | Нидерланды | 1 039,4 | 1 015,8 | 23,6 | 17,4% | 19,5% | 3,1% |
3 | Франция | 542,4 | 437,3 | 105,0 | 9,1% | 8,4% | 13,7% |
4 | Испания | 438,6 | 419,6 | 19,0 | 7,3% | 8,0% | 2,5% |
5 | Греция | 343,7 | 340,5 | 3,2 | 5,7% | 6,5% | 0,4% |
6 | Румыния | 328,0 | 321,6 | 6,4 | 5,5% | 6,2% | 0,8% |
7 | Германия | 240,7 | 54,2 | 186,4 | 4,0% | 1,0% | 24,3% |
8 | Польша | 195,9 | 143,9 | 52,0 | 3,3% | 2,8% | 6,8% |
9 | Литва | 169,4 | 153,0 | 16,4 | 2,8% | 2,9% | 2,1% |
10 | Хорватия | 97,2 | 94,7 | 2,5 | 1,6% | 1,8% | 0,3% |
11 | Бельгия | 63,8 | 37,5 | 26,2 | 1,1% | 0,7% | 3,4% |
12 | Финляндия | 51,1 | 29,7 | 21,4 | 0,9% | 0,6% | 2,8% |
13 | Чехия | 40,4 | 15,2 | 25,2 | 0,7% | 0,3% | 3,3% |
14 | Ирландия | 37,9 | 0,0 | 37,9 | 0,6% | 0,0% | 4,9% |
15 | Швеция | 34,0 | 11,8 | 22,2 | 0,6% | 0,2% | 2,9% |
| Басқа да елдер | 136,8 | 52,6 | 84,2 | 2,3% | 1,0% | 11,0% |