Қазақстанның энергия жүйелері штаттық режімде істеп тұр - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов электр энергетикалық жүйенің қысқы кезеңде дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтастай алғанда, Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қатар штаттық режімде жұмыс істеуде. 19 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша электр энергиясын тұтыну 73,1 млрд кВт/сағ құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,7 пайыз артық. Энергия кәсіпорындарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бекітілген жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізілуде», - деді М. Досмұхамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде 5 энергоблокқа жөндеу жүргізілді, бұл жылдық көлемнің 45 пайызын қамтып отыр. Сонымен қатар, жөнделген 40 қазандық, бұл жылдық көлемнің 63 пайызын және 23 турбина жылдық көлемнің 50 пайызын құрады. Жөндеудің әртүрлі кезеңіндегі 4 энергия блогында, 28 қазандықта және 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде.

«Электр желілері бойынша 21 мың шақырым электр беру желілері мен 1 152 шағын стансаға жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың тиісінше 84 пайызын және 92 пайызын құрайды», - деп нақтылады ол.

Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін орталықтандырылған жылумен қамту аймағында 459 қазандықтың 428 қазандығына жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 93 пайызын қамтыды.

«Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жөндеу кестесінде белгіленген мерзімдердің сақталмауы және артта қалуын байқалуда», - деді М. Досмұхамбетов



Соңғы жаңалықтар