Қазақстанның Еңбек Ері өзіне берілген көлікті мүгедек балаларға сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде «Біз біргеміз!» атты мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға арналған шара өтті. Елбасының қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған Құралай Байменова өзіне арнайы жасақталып берілген көлікті сол жерде мүгедек балалардың бірлестігіне сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз біргеміз!» атты дәстүрлі шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, олар жұмыс істейтін цех, кәсіпорын тауарлары көпшілікке таныстырылды.

«Өмір- күрес. Осы өмірге келген соң ештеңеге мойымай күресу керек, өмір сүру керек. Егер адам алдына міндет қойып, алға ұмтылса, еңбектенсе, онда ол міндетті түрде арманына қол жеткізеді. Әрине, жақындардың, туыстардың, достардың қолдауы қажет. Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандар Құралай Базарбайқызының жұмысының арқасында зор қолдауға ие. Соның нәтижесінде мүгедектігі бар мыңдаған адам өмірде өз орнын тауып, отбасын құрды, көбінің ендігі немерелері бар. Бастысы - олар тұйықталып қалмай, жұмыс істеп жатыр және қоғамға пайда әкелуде. Біз, ақтөбеліктер, Елбасына бізді қолдап, жерлесімізге Қазақстандағы ең құрметті атақты бергені үшін алғыс айтамыз. Бұл біздің Президент саясатының әлеуметтік сипатын тағы бір дәлелдейді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Шара кезінде өңір басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген Құралай Бәйменоваға арнайы көтергіштермен жабдықталған автокөлік кілтін табыс етті. Ал Құралай Бәйменова өзіне берілген автокөлікті мүгедек балалардың «Ғажап» қоғамдық бірлестігіне тарту етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына, Қазақ саңыраулар қоғамыныңоблыстық филиалына, Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндіріс кәсіпорнына, аутизм дертіне шалдыққан балалары бар ата-аналардың «РАСтёмка» облыстық қауымдастығына әкімдіктің 1 миллион теңгенің сертификаттары табыс етті. Қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде Гүлмейрам Сражаева, Зинаида Телеушева, Виктория Кваша, Шахан Жолдасбаев, Қазақстан мүгедектер кеңесінің төрағасы Әли Аманбаев, мемлекеттік қайраткер Елеусін Сағындықов, профессорлар Серік Ақшолақов пен Жақсылық Досқалиев, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Жұмажан Қожанов өз лебіздерін білдірді.

Ақтөбе облысында уақытылы әлеуметтік қолдауға ие 27 мыңға жуық мүгедек бар. Өткен жылы 12 мыңнан аса мүгедек жан техникалық, гигиеналық заттармен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен және шипажаймен қамтылды. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік жағынан қолдау үшін барлығы 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Өткен жылы өңірде «Бақытты бала», «Туған жерге тағзым», «Мектепке жол», «Түлек.kz», «Ауыл қамқоршысы» және т.б. жобалар жүзеге асырылып, соның аясында 508 мыңнан аса облыс тұрғынына шамамен 6,5 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Елімізде тұңғыш рет «Күншуақ» сауықтыру инклюзивті лагері, 220 орындық «Нектар» коррекциялық балабақшасы, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қаражаты есебінен туа бітті сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы, аутизм дертіне шалдыққан балаларға «Аяла» орталығы ашылды.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар