Қазақстанның ең шұрайлы жерлері игерусіз жатыр - Jibek Joly

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халық ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті. Бірақ билікке жақын азаматтар Қазақстанның ең шұрайлы жерлерін өздеріне алып алған. Көбі игерусіз жатыр. «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Малдың саны артып келе жатыр. Азаматтар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ ешқандай жағдай жоқ. Яғни, жайлымдық жер жоқ. Осы жылдың ішінде атқамінерлер және билікке жақын азаматтардың барлығы Қазақстанның ең шұрайлы жерлерін өздеріне алып алған. Өкініштісі, ол жерді не өздері игермейді не халыққа бермейді. Осы мәселені шешу үшін Президенттің өзі бұл мәселеге екі рет назар аударды. Сонымен қатар, «Жер аманаты» атты арнайы комиссия құрылды. Жерді қайтарудың негізгі принципі бар. Егер жерді игермей жатқаны жөнінде дәлелдер болса, онда сот арқылы қайтаруға болады. Екіншісі – жер иелерімен сөйлесу арқылы олар өз еркімен қайтарып беруі ықтимал», - деді депутат.

Ерлан Саировтың айтуынша, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы нәтижесінде бүгінде 3,5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Жыл соңына дейін тағы 1,5 млн гектарды қайтару жоспарланған.

«Бұл уақытқа дейін орта және кіші бизнеске мораторий болған. Мораторийдің аясында жерге қатысты тексерулер боламады. Президент жақында бұл мораторийді алып тастады. Яғни, енді жер телімдеріне қатысты орта және кіші бизнеске тексеріс жүргізуге болады. Осының нәтижесінде біз біраз жұмыстар атқарамыз», - деп жұмыстардың қорытындысына тоқталды Мәжіліс депутаты.



Соңғы жаңалықтар