+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанның ең бақытты өңірлері қандай - зерттеу

2019 жылғы 23 мамыр 17:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанның ең бақытты өңірлері қандай - зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стратегиялық бастамалар орталығы (CSI) Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу аясында еліміздің барлық өңірінен 3000-нан астам респондент сауалнамаға қатысқан. Респондентер облыс немесе қала тұрғындарының санына теңестіріліп іріктелді. Яғни, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы қаласының респонденттер саны басқа өңірлерден көбірек.

«2012 жылдан бастап БҰҰ Орнықты даму желісі (UN Sustainable Development Solutions Network) Бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманы (World Happiness Report) жариялап келеді. Биылғы баяндамада әлемнің 156 еліндегі бақыт деңгейі бағаланған. Бақыт рейтингіндегі алғашқы 5 орын (топ-5) - Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия және Голландия елдеріне бұйырып отыр. Қазақстан биылғы рейтингте 156 елдің ішінде 60-орынды қанағат еткен және ТМД елдерінің ішінде Өзбекстаннан кейін (44-орында) екінші орында тұр. Қазақстанның ең жоғары рейтингіне келер болсақ, 2015 жылы 158 елдің ішінен 44-ші орын алған болатын», - деп хабарлады орталық.

Қазақстанның өңірлеріндегі бақыт деңгейін бағалау үшін CSI Бақыт туралы дүниежүзілік баяндама әдістемесі негізінде бақыт рейтингін жасады. CSI Бақыт деңгейі кіріс, жақын адамдарды қолдау-көмегі, денсаулық, іс-әрекет еркіндігі, өзгелерге көмектесу мүмкіндігі, жемқорлыққа көзқарас және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен жасалатын әлеуметтік игіліктерге қанағаттану көрсеткіші сынды бірнеше фактордан құралған.

Талдау статистикалық және сауалнама факторлары негізінде жүргізілді. Респонденттер әр факторға 10 балдық шкала бойынша баға беріп шықты.

«Нәтижесінде аталған рейтинг бойынша өз өмір жағдайына қанағаттанып отырғандар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақмола облыстарының тұрғындары болып шықты. Керісінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындары өз өңірлеріндегі өмір сүру деңгейіне төмен баға берген. Жалпы қазақстандықтар өз өмір сүру деңгейін орташадан жоғары (6,1) деп бағалаған», - делінген хабарламада.

Бақыт деңгейі әр өңірде әртүрлі. Нұр-Сұлтан (6,65) және Шымкент (6,47) сияқты үлкен қалалардың тұрғындары өмір сүру жағдайларына жоғары баға берсе, Алматыда (5,92) - Қазақстан бойынша ең төмен баға берілген. Бақыт деңгейіндегі айырмашылық көршілес өңірлерде де кездеседі - мысалы, Түркістан облысындағы өмір сүру деңгейі (6,30) Жамбыл облысымен (5,85) салыстырғанда біршама жоғары.

«Қазақстандықтардың бақыт деңгейіне ең көп әсер ететін мәселе - білім беру, медицина, ауыз су сияқты әлеуметтік игіліктер. Бірақ, адамдар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік игіліктердің деңгейін орташа бағалауда (5.08). Яғни, адамдардың жағдайын жақсарту үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері әлеуметтік жеңілдіктер мен мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға негізделуі тиіс», - дейді сарапшылар.

Бақыт деңгейіне әсер ететін өзге де маңызды факторлар - денсаулық, жақын адамдардың қолдау-көмегі және іс-әрекет еркіндігі. Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтар көп жағдайда жақындарының қолдау-көмегіне арқа сүйей алады (6,40). Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан көшбасшы 30 елден (топ-30) әлдеқайда төмен тұр (6,4 және 9,35).

«Оған қоса, өзгелерге көмектесуді адамдардың жағдайы көтере бермейтін болып шықты (5,07), бұл соңғы жылдары халықтың табыс деңгейінің төмендеуімен байланысты болса керек. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстандағы орташа көрсеткіш (5,07) - алғашқы 30 елдің (5,94) деңгейімен шамалас. Қазақстандықтардың іс-әрекет еркіндіктерінің орташа деңгейі де (6,41) топ-30 елдің көрсеткіштерінен (9,26) әлдеқайда төмен. Респонденттердің пікірінше, мемлекеттік органдардағы және бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың таралуы топ-30 елдегі (7,27 және 2,93) көрсеткіштен әлдеқайда жоғары», - деп хабарлады Стратегиялық бастамалар орталығы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Статистика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT