Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстанның Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2018 жылғы 23 қараша 12:46 578
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі және Черногориядағы елші міндетін қоса атқарушы Төлежан Барлыбаев Черногорияның Президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Хорватиядағы Корчула аралында Нұр-Сұлтан қаласы құрметіне зәйтүн ағашы отырғызылды Цюрихте Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын талқылады. Елші Черногория Президентіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы, негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етіп, мемлекет басшылығының мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты нығайту және халықаралық аренадағы өзара іс-қимылын тереңдету бойынша дәйекті бағдарын атап өтті.

Черногорияның Президенті М. Джуканович Подгорицаның Қазақстанмен экономикалық, сауда, мәдени-гуманитарлық қатынастарды жандандыру және саяси диалогты дамытуға қызығушылығын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға жақсы тілектерін білдіріп, Елшіге табысты дипломатиялық миссия тіледі.


Қазақстанның Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT