Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесімен айналысатын франциялық делегация келеді

None
None
анның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазанның 15-іне таман елімізге Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіне қатысты тиісті көмек көрсету шараларымен айналысатын  франциялық делегация келеді.

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнердің кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңында екі елдің арасында саяси диалогтың тереңдей түскеніне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Осыған байланысты, алдағы уақыттағы жұмыс ауқымы мен туындауы мүмкін проблемаларды ескере отырып, біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселесінде Қазақстан мен Франция арасындағы тығыз ынтымақтастық орнату туралы келісімге келіп отырмыз. Сондықтан да, жақын аралықта, натырақ айтқанда қазанның 15-інде Қазақстанға Француз делегациясы келеді. Бұл делегация ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіне қатысты нақты шаралармен айналысады әрі төрағалық барысында туындауы мүмкін проблемалар бойынша нақты көмектер көрсететін болады. Бұнда сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы жобаларына қатысты мәселелер де нақты талқыланып, Қазақстанмен арада тиісті бағыттағы жұмыстар атқарылатын болады», деді Б. Кушнер кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен бірге, қазақстандық әріптесімен жүдесуі барысында адам құқықтары жөнінде әңгіме өрбігенін айтқан  Б. Кушнер, Франция тарапының бұл бағытта да бірлесе қызмет етуге дайын екендігін жеткізді.  «Сондай-ақ, кездесу барысында көппартиялық жүйені дамыту секілді Қазақстандағы реформалар жайында әңгіме болды», деді Б. Кушнер. 

Соңғы жаңалықтар