Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ұйымның қызметін жандандырып, жаңа серпін туғызатынына сенімдіміз -Түркия Сыртқы істер министрі А.Дәуітоғлу

None
None
nbsp;ЫСТАМБҰЛ. Қазанның 20-ы. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөнінде пікірін ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында білдірді.

- Еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздікті орнатудағы ЕҚЫҰ-ның орны ерекше. Ауқымды географиялық кеңістікте қауіпсіздік пен тұрақтылық, адам құқығын қорғау, көпжақты ынтымақтастық, сонымен қатар демократиялық басқару сияқты ұйымның негізгі принциптері мен құндылықтарын тамырландыру зор маңызға ие болып отыр, - деді Түркия Сыртқы істер министрі.

А.Дәуітоғлу Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ол тек елдің тәуелсіздік алғаннан бергі жоғары дәрежеде дамуының айқын көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада сенім мен беделге ие болғанының айғағы екендігін атап өтті.

«Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ұйымның қызметін жандандырып, жаңа серпін туғызатынына сенімдіміз», - деді ол.

«Мәдениеті ортақ, жағрапиялық аймағы бір Қазақстанмен қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа Түркия елі әрқашан да ерекше көңіл бөліп келеді. Халықтарымыздың арасындағы достық тамыры тереңде жатыр. Аймақтық және еуразиялық проблемаларды шешуде Қазақстан біздің ең басты одақтасымыздың бірі болып отыр. 2009 жылы стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойылып, Түркия мен Қазақстан арасындағы екіжақты саяси қарым-қатынастар ерекше қарқынмен дами бастады.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы біздің ынтымықтастығымыздың қосымша перспективаларына жол ашты. Сонымен қатар төрағалыққа ие болғаннан бері біздің еліміз бауырлас Қазақстанға жан-жақты қолдауын көрсетуде. 1999 жылы Ыстамбұлда өткен ЕҚЫҰ-ның саммитінен соң, 11 жылдан кейін Астана ағымдағы жылы желтоқсанның 1-2-сі күндері өтетін саммитке дайындалып жатыр. Бұл ЕҚЫҰ мүше-елдері басшыларының тарихи басқосуы болмақ. Ыстамбұлда өткен соңғы саммиттен бері көп жылдардан кейін бұл форумда Ұйым кеңістігінде маңызы елеулі қадамдар жасалады деп үміт артамыз. Астанада өтетін саммитте Еуропалық қауіпсіздіктің болашағын және ЕҚЫҰ-ның алдағы бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданатынына сенімдімін. Қазақстанның бастамасымен құрылған және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен Түркия АӨІСШК-тің 2 жылдық төрағалығына ие болды. Қазіргі уақытта еуразиялық кеңістікте ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласында екі маңызды халықаралық ұйымды екі түркі мемлекеті басқарып отыр. Қазақстанмен бірлесе отырып, еуразиялық аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосып жатқан ортақ күш-жігеріміз одан әрі нығайып, келешекте өрістей бермек», - деді А.Дәуітоғлы.

Соңғы жаңалықтар