Қазақстанның ЕҚЫҰ‑ға төрағалығы қарсаңында елімізде рақымшылық шарасы жүргізілуі қажет - Ғ. Қасымов

None
None
үйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Қазақстанның ЕҚЫҰ‑ға төрағалығы қарсаңында елімізде  рақымшылық шарасы жүргізілуі қажет.  Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғани Қасымов осындай пікір білдірді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келесі жылдың қаңтарынан бастап біздің еліміз ЕҚЫҰ‑ға төрағалық ететіні белгілі. Бұның өзі осы миссияны жүзеге асыратын барлық мемлекеттік билік институттарына ерекше жауапкершілік жүктейтін болады. Сондықтан да, біздің қызметімізге қарай сынның мейлінше аз айтылу жақтарын қарастыра беру қажет. Осыған байланысты  Үкіметтен орташа ауыр және кішігірім қылмыстарына орай сотталған ел азаматтары үшін рақымшылық жүргізу мәселесін қарастыруды сұраймын», деді сенатор. Ғ. Қасымовтың пайымдауынша, бұндай қадам адам құқы мен бостандығын қорғау саласындағы қазақстандық қоғамды демократияландырудың мемлекеттік саясаты ретінде еуропалық қауымдастықпен оң қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар