Қазақстанның экспорт көлемі 37,2 пайызға артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 5 айда Қазақстанның экспорты 37,2 пайызға артып, 34,2 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері 6 мемлекетке жөнелтілген тауар көлемі өскен.

«Экспорт көлемі Грузия еліне - 7 есе (90,2 млн доллар), Канадаға - 6,6 есе (343,5 млн доллар), Мароккоға - 5 есе (124,1 млн доллар), Оңтүстік Кореяға - 4 есе (1,7 млрд доллар), Жапонияға - 3,3 есе (418,9 млн доллар) және Түркияға 2,1 есеге (2,1 млрд доллар) өсті», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияға жылқы етін экспорттайтын отандық кәсіпорындардың саны артқанын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар