Қазақстанның екінші деңгейлі банктері ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16 мамыр күні Алматы қаласында екінші деңгейлі  банк өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкінің бастамасымен және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҚАӨМ АҚК), ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қатысты.

Кеңесте ҚР ҚАӨМ АҚК төрағасы Д. Голобурда баяндама жасады.

Қатысушылар екінші деңгейлі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын жаңа талаптарды талқылады. Атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары бойынша ҚР Ұлттық банкін құлағдар ету және оқиғаларды одан әрі бірлесе тексеру тәртібі; екінші деңгейлі  банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ ҚР Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі; салалық ақпараттық (кибер) қауіпсіздік орталығының болашағы мен ұйымдастыру тәртібі сөз болды. 

Соңғы жаңалықтар