Қазақстанның екі театры ТМД бойынша үздік бестікке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат порталы көрерменнің сұранысын, театр сайттары мен әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляцияларды зерттей отырып, ТМД-дағы үздік театрлардың рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Портал тізімді 15 сәуірдегі Халықаралық мәдениет күніне орай жасаған. ТМД-дағы үздік ондыққа:

- Мәскеудегі Ресейдің Мемлекеттік академиялық үлкен театры

- Минсктегі Беларусь Үлкен театры

- Алматыдағы Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

- Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

- Бакудегі М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

- Еревандағы А. Спендиаров атындағы Армян академиялық опера және балет театры

- Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Мемлекеттік академиялық үлкен театры

- Кишиневтегі Мария Биешу атындағы Молдова Республикасының Ұлттық опера және балет театры

- Бішкектегі академиялық опера және балет театры

- Душанбедегі Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театры енген.

Рейтинг театрлардың танымалдығы мен онлайн-трансляцияларын зерттеу қорытындысы бойынша жасалған.


Соңғы жаңалықтар