Қазақстанның екі өңірінде жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 тамыз түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен күшті жел соғады. Жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

2 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына - 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар