Қазақстанның екі өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту көрсеткіші жоғары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жаоғары көрсеткішке жеткен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 8%-ды құрады. Оң динамика 14 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда», - деген Әсет Ерғалиев ауыл шаруашылығында жақсы нәтиже көрсеткен өңірлерге тоқталды.

«Ауыл шаруашылығында өсім 1,4%-ды құрады. Саладағы өндірістің оң өсуі 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары көрсетті», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар