Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан есетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

1 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар