08:27, 03 Наурыз 2021 | GMT +6
Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Наурыздың 3-і күнгі ақпарат бойынша Қазақстанның екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, 3 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те ауа райына байланысты Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тас жолының 526-615 шақырымында, нақтырақ айтқанда Батыс Қазақстан облысы мен Қобда ауылының аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
Сондай-ақ «Самара-Шымкент» трассасының 265-526 шақырымында, нақтырақ айтқанда Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында барлық көлік түрлеріне жүруге болмайды.