Қазақстанның екі облысында жол жабық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автокөліктер үшін қозғалыстың шектелгені туралы «Казахавтодор» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 22 желтоқсан, Жамбыл облысында сағат 16.50-де ауа-райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, көру мүмкіндігі шектеулі) 543-593 шақырымдық «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында, яғни Күйік асуынан ОҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Оңтүстік Қазақстан облысында сағат 17.10-да ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 593-611 шақырымдық «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында, яғни Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар