Қазақстанның екі облысында және Шымкент қаласында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысында және Шымкент қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

11 сәуір күндіз Шымкент қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.

Дабылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

11 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 95-100%.

Соңғы жаңалықтар