Қазақстанның екі облысында ауа райына ескерту жарияланды
2022 жылғы 24 қаңтар 20:35

Қазақстанның екі облысында ауа райына ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қаңтарда Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25-27 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. 25 қаңтарда Қызылордада тұман түсуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.


Jańalyqtar

MURAǴAT