+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 31 шілде 20:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы Қазгидромет: Тамыздың 12-сі күнгі ауа райы болжамы

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 1 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 1 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 16 метрге жетеді. Ауа райына болжамының ықтималдылығы 90-100%.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35 градус аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда +35 градус қатты ыстық болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 70-75%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT