+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстанның екі ірі қаласы мен алты облысы жарықсыз қалды

2020 жылғы 20 қараша 21:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанның екі ірі қаласы мен алты облысы жарықсыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2 ірі қаласы мен 6 облыс аймағы жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы жылдары қауіпті өндірістік нысандарда апат жиілеп барады – Юрий Ильин

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 20 қарашада сағат 16:47-де ВЛ-500 кВ Л-5300, Л-5320 ОҚМАЭС-Ағадыр және Л-5394 Ақтоғай-Семей электр желілері ажырап қалған. Сонымен қатар жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы салдарынан ВЛ-220 кВ БТҚ(Басты төмендету қосалқы стансасы)-Қызылорда Л-2019 желісі ажыратылып, еліміздің оңтүстік аймағы Қазақтанның Бірыңғай электр энергетикаы жүйесінен тыс қалған. Соның салдарынан Жамбыл, Алматы, ШҚО, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары жарықсыз қалды.

Сағат 17:02-де Л-5300 желісі, ал 17:11-де Л-5320 желісі іске қосылып, оңтүстік аймаққа электр энергиясын шектеу алынып тасталды. Сағат 17:18-де Л-5394 электр желісі қалыпты жұмыс істей бастады.

«Қазіргі ақпаратқа сәйкес, 500 кВ электр тарату желісінің ажырауы және жүктемені шектеудің арнайы автоматикасының іске қосылуы Орталық Азияның біріккен энергия жүйесі тарапынан қуаттың шамадан тыс болуы салдарынан орын алған», - деп атап өткен министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT