Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен қызметінен босатылды.


Барлыбай Кәрімұлы 1964 жылы 25 қыркүйекте туған. 1988 жылы СССР Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын урду және ағылшын тілі бойынша аудармашы-референт мамандығы бойынша бітірген.


Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастады.

Түрлі жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және еліміздің Италия, Швейцария, АҚШ-тағы шет елдердегі мекемелерінде түрлі орындаушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болды.

2015 жылғы желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалды. Барлыбай Кәрімұлының Нью-Йоркте жұмыс істеген кезеңі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігімен тұспа-тұс келді. Оның барысында ол БҰҰ Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкциялық комитеттерінің бірқатар мәжілістерін өткізген.

Өзінің Аддис-Абебаға қызметіне тағайындалғанға дейін 2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі қызметін атқарды.

Барлыбай Кәрімұлы үйленген, үш баласы бар. Ағылшын және урду тілдерін еркін меңгерген.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Соңғы жаңалықтар