Қазақстанның ЕАЭО-ға кіруі Түркиямен арадағы іскерлік байланыстарға кері әсер етпейді - Нуреттин Жаникли

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі Түркиямен арадағы іскерлік байланыстарға кері әсер етпейді. Өйткені, алға қойған мақсатымыз 2015 жылы екі елдің тауар айналымын 10 млрд. АҚШ долларына жеткізу.

Бұл туралы Түркияның Кеден және сауда министрі Нуреттин Жаникли мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Нуреттин Жаникли - Премьер-Министр Ахмет Дәуітоғлы жасақтаған Түркияның 62-үкіметіне қызметке келген жаңа министр. Ол бұл лауазымға тағайындалған тұста елдің экспорты өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,5%-ға өсіп, 118 млрд. АҚШ долларын құраған болатын. Енді осы көрсеткішті ұлғайту үшін Нуреттин мырза Түркияның сырт елдермен сауда айналымын арттыруға, оның ішінде Еуразия экономикалық одақпен әріптестік байланыстарын күшейтуге ниетті екенін жеткізіп отыр.

Түркияның Кеден және сауда министрі Нуреттин Жаниклидің пайымдауынша, Экономикалық одақ әуелі оған мүше мемлекеттер арасында қызу бәсекелі ортаны қалыптастырады. Оған шыдас беру үшін ұлттық экономика нарықтың заңдылығына бейімделіп, серпінді дамуы тиіс. Ал түпкі нәтижеге тұтынушы баға береді. «Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ - сөзсіз тиімді жоба. Сондықтан Түркия оған үлкен маңыз беріп отыр. Біз бұл елдермен әріптестік байланыстарды нығайтып, экономикалық ынтымақтастығымызды бекемдеп алуды ойлаймыз»,-дейді ол.

"Мен кәсіпкер ретінде Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен теңдей шартта сауда жүргізуді қалаймын»,-деген пікірін білдірді Озхан Чобан. «Әлбетте ол үшін Кедендік одаққа кіруіміз керек. Бұған қатысты Үкіметіміздің ұстанымын білмеймін. Бірақ Еуразия - үлкен нарық. Бұл нарықтан құр қалмауымыз керек. Экономикалық одаққа мүше елдердің ішінде бізге ең жақыны - Қазақстан. Егер қазақ елі біз секілді шетелдік инвесторларға қолдау білдірсе, біз өндіріс ашуға әзірміз".

Соңғы жаңалықтар