+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты артты

2021 жылғы 14 маусым 02:40
Бөлісіңіз:
Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорты 28,6% артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады Серікбай Трұмов: Туризм нысандарының салынуы облыс экономикасына зор серпін береді Әулиеата өңірінде халық саны 1 млн 100 мыңнан асты

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7100,4 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда номиналды мәнде 19,8% артты. Соның ішінде экспорт – 2189,7 млн АҚШ долларды (28,6% көп), импорт – 4910,7 млн АҚШ долларды (16,3% көп) құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:

- Ресей Федерациясына – 92,9%,

- Қырғызстан Республикасына – 3,6%,

- Беларусь Республикасына – 3,4%,

- Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT