Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 8,4 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы сегіз айда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 8,4 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 254,7 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8,4 пайызға артты. Соның ішінде экспорт 3 909,2 млн АҚШ долларына (13,8 пайызға), ал импорт 8 345,5 млн долларға (6 пайызға) өсті», - деп атап өтілген ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінде.

Атап айтқанда, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресейге - 91,9 пайызы, Қырғызстанға - 4,5 пайызы, Беларуське - 3,5 пайызы, сондай-ақ Арменияға 0,1 пайызы тиесілі.

Соңғы жаңалықтар