Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық (ЕАЭО) елдермен өзара сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде ақшалай мәнде 10 783,5 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім еткендей, аталмыш кезеңде ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі ақшалай мәнде 3467,5 млн долларды (өткен жылға қарағанда 16,2 пайызға артық), импорт 7316 млн долларды (+7,3%) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының жалпы көлемінің 91,9 пайызы - Ресейге, 4,5 пайызы - Қырғызстанға, 3,5 пайызы - Беларусьқа және 0,1 пайызы Арменияға тиесілі. 

Соңғы жаңалықтар