Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасында Ресей үлесі – 92,4%

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы саудасында Ресейдің үлесі 92,4% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Биылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 2130,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1% артты», - делінген ақпаратта.

Экспорт 932,7 млн АҚШ долларына (52,9% жоғары) жасалса, импорт 1197,7 млн АҚШ долларын (1,7% жоғары) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей үлесі – 92,4%, Қырғызстан – 4,2%, Беларусь – 3,3%, Армения – 0,1%.

ЕАЭО елдерімен экспортта химиялық элементтер бойынша 9,6 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу бар – 81,3% аз.
Импортта ең үлкен өсім (3 есе) қара металдан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша тіркелді. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша (99,9% аз) төмендеу бар.


Соңғы жаңалықтар