Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымының өскені байқалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 16645,3 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-қазандағы салыстырғанда 0,3% көбейді, соның ішінде экспорт – 4963,6 млн АҚШ доллары (1,8% азайды), импорт – 11681,7 млн АҚШ доллары (1,3% көбейді)» - делінген хабарламада.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Соңғы жаңалықтар