Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 28 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-ақпанда 6,1%-ға артқан

2018 жылғы 17 сәуір 13:21 850
Бөлісіңіз:
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-ақпанда 6,1%-ға артқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 2605,8 млн долларды құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,1 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан түріктің бренд дүкендерінің саны жағынан үшінші орында тұр Қазақстанда I жартыжылдықта алтын өндірісінің көлемі 8,4% артты

Атап айтқанда, ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі есептік кезеңде 839 млн долларды (былтыр қаңтардағы көрсеткіштен 7,9 процентке жоғары), импорт - 1766,8 млн долларды (+5,3 процент) құраған.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі Ресеймен 91,6 процент, Қырғызстанмен - 4,5 процент, Беларусьпен - 3,8 процент және Армениямен - 0,1 процент болған.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат