Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7311,7 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,4 пайызға артты. Соның ішінде экспорт - 2316,1 млн АҚШ долларын (10,1%-ға өсті), импорт - 4995,6 млн АҚШ долларын (6,2%-ға өсті) құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,1%, Қырғызстан Республикасына - 4,2%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына - 0,1% келеді.

Соңғы жаңалықтар