Қазақстанның ЕАЭО елдерімен екіжақты саудасы 60% артты
2022 жылғы 26 мамыр 13:32

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен екіжақты саудасы 60% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ЕАЭО елдеріне тиесілі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Бішкектегі форумда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интеграциялық процестерді дамытуға қатысты Қазақстанның интеграциялық бірлестікке қатысу нәтижесін сипаттайтын бірнеше цифрды келтірейін. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасындағы өзара саудасы 60%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім 28% құрады, ал үшінші елдермен сауда өсімі 25,4%-ға жетті. Қазақстанның ЕАЭО мүше елдерге экспорты қазіргі уақытта 35% сті, ал өңделген өнім көлемі 64,3%-ға артып отыр», - деді Бақыт Сұлтанов Еуразия экономикалық форумына бейнебайланыс жүйесі арқылы қатыса отырып.

Премьер-Министр орынбасарының мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ЕАЭО елдеріне тиесілі.

«Осы және өзге де көрсеткіштер біздің Еуразия экономикалық одағына қатысуымыздың тиімділігін айғақтайды. Сондықтан біз оның одан әрі қарай дамуына мүдделіміз. Экономикалық ынтымақтастыққа келер болсақ, интеграцияны дамытуға қатысты перспективалы салалар ЕАЭО стратегиясымен айқындалған деп санаймын», - дейді ол.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT