Қазақстанның ЕАЭО елдерімен арадағы сауда айналымы артқан
2022 жылғы 12 тамыз 22:11

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен арадағы сауда айналымы артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жарты жылдағы ЕАЭО елдерімен арадағы сауда айналымы 12,5 млрд-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 млрд 571,8 млн доллар болды. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық 5 пайызға көбейді. Оның ішінде экспорт көлемі – 3 млрд 733,9 млн доллар. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға аз. Алғ қаңтар-маусым аралығында Қазақстан 8 млрд 837,9 млн долларға тауар импорттаған. Былтырға қарағанда импорт көлемі 7,3 пайызға көп.

ЕАЭО елдеріне әсіресе алюминий оксиді, алюминий гидроксиді көп экспортталды. Бұл бағытта 2,9 есе өсім байқалды. Сонымен қатар, күйдірілген пирит, темір кені мен концентраттарды шет мемлекет нарығына шығару көлемі 62,8 пайызға төмендеді.

Қаңтар-маусым аралығындағы ЕАЭО елдерінен Қазақстан ұнтақталған және ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдарын көп импорттады. Ал, көлік импорты 61,1 пайызға азайды», - делінген бюроның ресми хабарламасында.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымында Ресей Федерациясы (сауда айналым үлесі – 92,6 пайыз) көш бастап тұр. Одан кейін Қырғыз Республикасы (сауда айналым үлесі – 3,9 пайыз), Беларусь (сауда айналым үлесі – 3,4 пайыз) және Армения (сауда айналым үлесі – 0,1%).

Бұрын хабарлағанымыздай, биылғы 5 айда Қазақстанның экспорты 37,2 пайызға артып, 34,2 млрд долларға жетті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT