Қазақстанның дзюдо құрамасы Хоххот Гран-приіне қатыспайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның дзюдо құрамасы Хоххот қаласында өтетін Гран-приге қатыспайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Дзюдо федерациясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұған команданың Қытай Халық Республикасына кіруге виза беру жөніндегі өтінішінің қаралмауы себеп болған.

Дзюдодан әлемдік Гран-придің кезекті кезеңі 24-26 мамыр күндері Қытайдың Хоххот қаласында болады.

Федерацияның мәлімдеуінше, бұрын Қазақстанның ерлер құрамасы осы турнирге қатысатын командасының толық құрамын жариялаған болатын. Алайда, жоғарыда айтылған себептерге орай, енді қазақстандық дзюдошылар Гран-придің осы кезеңіне қатыса алмайды.

Соңғы жаңалықтар