Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен бірге петропавлдық «Мұнаймаш» АҚ өз өнімін экспорттауды жоспарлап отыр (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «Мұнаймаш» зауытында жыл сайын 4,5 мыңға дейін мұнай сорғысы шығарылады. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі екі есе артты, деп хабарлады «Мұнаймаш» АҚ-ның бас инженері Федор Дмитриев.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен бірге кәсіпорында одан әрі дамудың жаңа әлеуетті жоспарларын қойып отыр.

«Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстанға жаңа технологияларды, инвесторлардың белгілі бір санын енгізуге жол ашады, өнімді сатудың жаңа жолдарын қамтамасыз етеді. ДСҰ біздің кәсіпорнымызға экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Бүгінде бірінші қадам жасап үлгердік, өз өнімдерімізді Ресейдегі серіктестерімізге жеткізіп отырмыз. Одан әрі де дамытатын боламыз», - деді Федор Дмитриев.

«Мұнаймаш» АҚ - Солтүстік Қазақстанда мұнай-газ кешені үшін жабдықтар мен өнімдерді шығаратын ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі. Негізгі тұтынушысы - ҚР-ның мұнай және газ секторындағы компаниялар.

Бүгінде «Мұнаймаш» зауытында 152 адам еңбек етуде.

Соңғы жаңалықтар