Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі тау-кен металлургиялық компаниялар үшін зор пайда әкелмек - Николай Радостовец

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демпингке қарсы санкцияның доғарылуына байланысты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінен отандық тау-кен металлургиялық компаниялары ұтады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлім етті.

«Тау-кен металлургиялық компаниялар қазірден бастап ДСҰ-дан пайда көретіні анық... Қазіргі кезде ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстанға қатаң талаптарды қоюға және осының нәтижесінде нарықтарға тосқауыл жасауға құқылары жоқ. Алайда біз ДСҰ-да тек металды, мұнайды саудалаумен қатар, жоғары өңдеуден өткен өнімді, қайта өңдеу өнеркәсібі тауарларын нарыққа тиімді шығаруды да зерделеуіміз қажет», - деді ол.

Сонымен қатар Н. Радостовецтің пайымынша, ДСҰ-ға қосылуға байланысты Қазақстанда бірқатар сұрақтар болады.

«Экспорттаушыларда да көп сұрақтар туындайды. Яғни, бұл тұрғыда «Сауданы қалай жүргіземіз?», «Осы жаңа ережелер бойынша табыс алу үшін өз орнымызды қалай табамыз?» деген секілді сауалдар болады», - деп түсіндірді қауымдастықтың атқарушы директоры.

Соңғы жаңалықтар