+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар - ҚР Президенті

2017 жылғы 13 шілде 16:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар. Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құқық қорғау органдарының баршасы, Қазақстан әскері биыл 25 жылдық мерекелерін атап өтіп жатыр. Себебі, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын былтыр тойладық. Өздеріңіз білесіздер, 16-шы желтоқсанда Тәуелсіздік жарияладық. Келесі 1992 жылдың басынан бастап, өзіміздің әрбір мекемелерімізді құра бастадық. Өз әскеріміз болған жоқ. Оны құрдық. Өз полициямыз болған жоқ. Оны да құрдық. Қауіпсіздік комитеті де болған жоқ. Оны да құрдық. Сыртқы істер саясатының да министрлігі болған жоқ. Оны да құрдық. Басқасының барлығын құрып келе жатырмыз. Бүгін мемлекеттік органдардың барлығы құрылды. Тиісті мекемелердің барлығы құрылды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елордамызды тұңғыш рет өзіміз таңдап, Сарыарқаның төсіне салғанымызды, төңірегіміздегі барлық елдермен бейбітшілік келісімі бар екендігі, көршілерімізбен достық пен сенім шекараларын орнатқанымызды атап өтті.

«Ал алыс елдермен де қарым-қатынасымыз жақсы. Саяси жағынан барлығын орнаттық. Дегенмен ел ел болу үшін, тәуелсіздік мықты болу үшін еш уақытта қол қусырып, тыныш жатпауымыз керек. «Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар» деген қазақтың сөзі бар. Ол сіздер үшін айтылған. Әр уақытта біздің елімізге, байлығымызға, тұрақтылығымызға, Қазақстанның бүкіл дүниежүзіндегі абыройына, беделіне қызғанатын адамдар аз емес. Досымызда көп. Жаманшылық ойлайтындары да бар. Өкінішке қарай, ішімізде де кездеседі. Сондықтан осының барлығын Конституциялық жүйемізді сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттің күшейту жолында жұмыс істеу, экономикалық, ішкі, сыртқы қауіпсіздік барлығы бірге жүреді. Сондықтан мен комитет қызметкерлерінің барлығына сенемін. Жұмыстары алға жылжи берсін, өздеріне және жанұяларына ең ізгі тілектерді тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT