Қазақстанның денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция көлемі артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы уақытта инвесторлар денсаулық сақтау саласына маңызына мән бере бастады, соның арқасында осы салаған салынған қаржы көлемі 1,5 есеге артты.

Бұл ҚР инвестпорфелінің 1,5%-ы ғана, дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда ол (0,9%) айтарлықтай артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom порталына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша елдегі негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі бір жылда 4,3%-ға төмендеп (ҚҚК-93,9%), 7 трлн теңгені құрады.

Соған қарамастан денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет секторына құйылған капитал салымы соңғы жылдары ең жоғары көрсеткішке жетті - 55,8% (ҚҚК - 154%): биылғы жылдың қаңтар-тамызында бұл салаға 103,6 млрд теңге инвестиция құйылды. Жалпы инвестпортфельдегі сектордың үлесі 1,5%-ды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,9% болатын.

Денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялар көлемінің артуына жергілікті бюджеттен түскен салымдар айтарлықтай әсер етті. Осылайша, сегіз ай ішінде сома 2,5 еседен астамға немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,7 млрд теңгеге ұлғайып, 43,7 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, қарызға алынған қаражат есебінен құйылған инвестициялар көлемі айтарлықтай ұлғайды, олардың сомасы жылына 16 есе, 16,5 млрд теңгеге дейін өсті (бір жыл бұрын — 1,1 млрд теңге). Бизнестің жеке қаражаты есебінен құйылған инвестициялар 28,9 млрд теңгені құрады — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға артық

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген инвестициялар 44,9%-ға төмендеп, 13,9 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын – 25,3 млрд теңге). Банк несиелері 64,7%-ға 562,3 млн теңгеге дейін азайды.

Өңірлер ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына күрделі салымдардың ең көп сомасы Алматыда: 19,1 млрд тг — өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық (9 млрд тг).

Сектордағы ең көп инвестиция көлемі бойынша көш бастап тұрған өңірлерге Қарағанды (11,6 млрд теңге) және Алматы (10,6 млрд теңге) облыстары кірді.

Бестікті Нұр-Сұлтан (10,5 млрд тг) мен Шығыс Қазақстан облысы (9,7 млрд тг) түйіндеп тұр.


Соңғы жаңалықтар